3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34-35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 |
68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 |


№10 (10) 6.03.2009 жыл
Жылбасының жағымды жаңалықтары
Үстіміздегі жылдың 11-12 наурызында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Астаналық экономикалық II форум болып өтті.
Форумға 40-тан астам мемлекеттерден өкілдер келді.
Астаналық экономикалық форумға Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп, қазіргі әлемдік дағдарыстан шығудың жолдары мен нақты үсыныстарды атап айтты.
Форум “Еуразиялық жаhандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі” тақырыбы аясында өтті.
Форумға “Сырдария” университетінің проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Бегім Серіков қатысты.
Төменде сіздердің назарларыңызға ғалым ағаның осы форум жайлы ой-пікірлерін үсынып отырмыз.
Ежелден халқымыз жыл басын наурыз айының 22 жүлдызы, күн мен түн тең болған сәт ретінде қабылдап, осы айда өтетін той, мерекелерді, басқа іс-шараларды жақсылыққа жорыту дәстүрі кең түрде дамып келеді.
Биылғы жылы наурыздың басында Елордамыз-Астанада бірінен-бірі маңызды саяси-экономикалық оқиғалар болып өтті, оның басы-қасында Ел Президентті Н.ә.Назарбаев болып терең мазмүнды ой-пікірлер айтты:
Солардың ішінде 5 наурызда қазақстан әйелдерінің форумы болып, онда отанымызда тыныштық, түрақтылық және бірлікті сақтау үшін үстамдылық және төзімділік, аналарға әлеуметтік жағдай жасау мәселелері жан-жақты қаралды.
Мемлекетаралық өңірлік есеп айырысу бірлігін әзірлеп, өзара ынтымақтас одақтар арасында қолдануға енгізу механизмін әзірлеу.
Жалпы әлемдік-валюталық жүйені қайта қүру ол жүйенің заңдылығын, деиократиялығын, еркіндігін, бақылау және қадағалау жолдарын айқын көрсетіп берген. Бүл үсыныстар Бүү-да, “үлкен сегіздікте (G8)”, “үлкен жиырмалықта (G20)” және басқа форумдарда талқыланып, сарапталып қабылдануы дүрыс болар еді.
Осы ойлардан келіп шығатын түжырымдама-қазақстан Республикасы дағдарыстан шығудың өз бағдарламасын қабылдады, ендігіде соны жүзеге асыруға белсенді қатысу. Ол дегенеміз ауылшаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік және инфрақүрылымдық бағдарламаларды орындауға қол жеткізу. Бүл шаралардың басты қағидасы адалдық, әділдік, тазалық, ынтымақ және бірлік деп түсінемін.
Бегім Сериков,
Проректор, экономика ғылымдарының кандидаты,
Астаналық экономикалық форум қатынасушысы

Жастар қоғамдық бірлестігі қүрылды.
А.ЖакыповаМақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы қ.Жандарбеков атындағы драма театрда аудан жастарының жиыны болып өтті. Бүл басқосуда “Мақтаарал жастары” қоғамдық бірлестігі қүрылды. Бірлестіктің төрайымы болып кәсіпкер Ақбаян Жақыпова сайланды.
Жиынға келген жастарды аудан әкімінің орынбасары Г.Сәуірбаева, ОқО ішкі саясат басқармасының жанындағы жастар орталығының директоры А.әбубәкіров, еңбек ардагері аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы А.Керуенбаева, “Сырдария” университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Б.Тасжанов, Жетісай педколледжінің Жастар үйымының жетекшісі С.Аташев қүттықтау сөз сөйледі. Оларды бірлестіктің төрайымы А.Жақыпова жастар қоғамына мүшелікке қабылдады.
Ауданымыздағы үлкен саяси мәні бар басқосуға келген жастарға концерт берілді.
Имандық

Шешендік сайысы өтті

қазақта “қол бастау қиын, ал сөз бастау одан да қиын” деген аталы сөз бар. Көпшілік алдына шығып сөйлеген кезде осы сөздің растығына көз жеткізіп жататын кездеріміз аз емес. Соған қарамастан, халқымыздың ел бастаған көсемдері мен сөз бастаған шешендері азаймаған.
“Нүр Отан” Халықтық Демократиялық Партиясының 10 жылдығына байланысты “Сырдария” университетінің виртуалды кітапханасында 4 ақпан күні өткізілген аймақтық пікір-сайыс турнирі осыған дәлел бола алады. Аталған сайысқа Мақтаралб Шардара, қазығүртб Сарыағаш аудандарының от ауызды, орақ тілді шешендері қатысты. “Сырдария” университетінің пікірсайыс шеберлері осы сайысқа Мақтарал ауданының атынан қатысты. Сөз бен шешендік жарысы өте қызықты, әрі тартысты өтті.
“Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” дегендей, сайыс қорытындысы бойынша қазығүрт ауданының пікірсайыс шеберлері жеңімпаз деп танылып ақтық сайысқа жолдама алды. Бүл сайысқа “Нүр Отан” ХДП аудандық филиалы және университет басшылығы үлкен қолдау көрсетті.
Жақсы іс әрқашан жалғасын табады деген сөз бекер айтылмаса керек. Жоғарыда айтылған сайыстан соң 20 ақпан күні университетте факультетаралық пікірсайыс турнирі өтті. Сайысқа барлық факультеттердің мамандықтары студенттері қатысып, финалдық кездесуде “Шығармашылық мамандықтар” факультетінің “Самүрық” фракциясы 3-орын, “Химия-биология” факультетінің “Бәйтерек” фракциясы 2-орын, “қырандар” фракциясы 1-орын иеленді. Ал “Гуманитарлық білім” факультетінің “Барыс” фракциясы бас жүлдені жеңіп алды.
Жалпы алғанда мүндай іс-шаралар жастарды азаматтық көшбасшылыққа, саяси белсенділікке тәрбиелейтіні белгілі.
Сондықтан, тек “Сырдария” университетінде ғана емес, ауданымызда осындай іс-шаралар кең көлемде жүргізілсе нүр үстіне нүр болар еді.
Бегім Тасжанов,
“Сырдария” университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Кітап-ой қазынасы

Г.Ермуратова Университет кітапханаларында қазір де оқулықтар жеткілікті. Кітап қорында олардың саны-284 мың дананы қүрайды. 2 оқу залы, 1 абоненттік зал, 1 оқу әдістемелік кешен бар.
Рас, кітапхана жүмысымен, оның ережелерімен, әсіресе, бірінші курс студенттерін таныстырамыз. Курс, диплом жүмыстарына байланысты тапсырыстар бергенде студенттерге тиісті әдебиеттер тізімін үсынамыз.
Бүгінде кітап оқымайды деген сөз студенттерге тиесілі емес. Күн сайын кітапхана залдарында кітапты пайдаланушылар саны 300-ге жетеді. Осының өзі студенттердің өз білімін көтеруге деген ынта-ықыласы көп емес пе. Кітапхананың 7 қызметкеріне жүмыс жетіп, артылады. Тіпті, көп те.
Жыл сайын кітапхана қорын көбейтуге университет басшылығы тарапынан қамқорлық танытылып жүр.
Астанадан, Алматыдан жыл сайын әдеби-көркем, әдістемелік, тиісті мамандықтар бойынша оқулықтарды алудамыз. Тікелей кітап баспаларымен де байланыс орнатылған.
Мәселен, “Жеті жарғы”, “Экономика”, “Атамүра”, “Мектеп”, “өнер”, “Білім” баспаларымен дәл осындай іскерлік байланыстар университет тарапынан орнатылған. Кітаптарға сүраныстарды пошта арқылы да жүзеге асырып отырған жағдайлар бар. Мерзімді басылымдарға әр науқан сайын жазылынады, 73 газет-журнал кітапханаларға жеткізіледі. өзіміздің кітапхана бүгінде студенттердің талап-тілектері мен сүраныстарына толық жауап береді.
Күн сайын кітапхана қызметкерлері өз жүмыс орындарында жауапкершілік танытып, студенттер қауымына көмек көрсетуге үмтылуда. Ал кітапхана қорын одан әрі толықтыру мәселесіне университет басшылығы тыңғылықты қарайды. Бүған ешқандай күмән жоқ. Еліміздің айтулы азаматтары мен арыстандарының мерейтойларына арнап, үнемі кітап көрмелерін үйымдастырудамыз. Ел өміріндегі елеулі оқиғалар жайлы да мақалалар, фотосуреттер мен альбомдарды әзірлеп, студенттерге үсынамыз.
Гүлбала Ермүратова, кітапханашы-библиограф.

Археологиялық қазба жүмыстар

С.Апашева Көне тарих Мырзадала төсін, Сыр бойын жағалай қонған елдің мәдениеті өркениетті болғандығына бүгінде куәгер болуда. Тарих қойнауында жасырынып қалған мүралар қазірде өздері жайында мағлүмат беруде десек, артық айтқандық емес.
Жыл сайын университет студенттері Сыр бойындағы орта ғасырларда өмір сүрген қалалардың орнында археологиялық қазба жүмыстарын жүргізуде. Солардың қатарында мына қалалар бар. Атап айтқанда, ауданымыздағы Асықата өңіріне қарасты Үтіртөбе және Шардара ауданындағы Сүткент елді мекеніндегі Шыңғыстөбе деп аталатын тарихи жәдігерлер сақталынған айтулы орындар.
Бүл қалалардың орнын қазу жүмыстары “Мәдени мүра” бағдарламасы ауқымында жүзеге асуда. Студенттер археологиялық практика кезінде еліміздің, өңіріміздің тарихы өте бай екендігіне көз жеткізуде.
Археологиялық қазба жүмыстары кезінде қыштан жасалынған үлкен қүмыра (хум), қазан, пышақ сынықтары, боялған легендер табылды. қазірде олардың бірқатары қалпына келтірілуде. Ал ретке келтірілгендері университеттің мүражай залында сақтаулы.
Кафедрада студенттерге ойдағыдай білім беріп, бүгінгі ақпараттық технологияға сай өз қызметтерін атқарып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Олар Алтыбаева Айсүлу, Орынбаева Гүлмира, Дүйсекова әлияш. Олар студенттер арасында үлкен қүрметке ие. Алдағы уақытта да олардың педагогикалық қызметтеріне зор табыстар тілеймін.
Сәбира Апашева,
тарих ғылымдарының кандидаты.

Студенттерге жасалған қамқорлық

“Сырдария” университетінің әкімшілігі асыраушысынан айрылған 160 студенттің бастарын қосып, олардың мақүм болған ата-аналарына ас беріп, қүран оқытты.
Асқа аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков, Мақтаарал аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Т.Елшібаев, ауданның бас имамы Б.Сыздықов, белгілі қоғам қайраткері О.Аяшев қатысты.
Бас имам Б.Сыздықов асқа қатысып отырған студенттердің дүниеден өткен ата-аналарына арнап қүран оқыды. Т.Елшібаев мырза жастарға жәрдем ретінде университеттің басшыларына 200 мың теңге табыс етті.
Бүл қаражат алдағы уақытта студенттердің қажеттілігіне жүмсалатын болады.
“Жеті сыр” ақпарат