04.05.2018


Кәсіпкерлерге қатысты "бір өтініш" қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін "Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу" композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында "бір өтініш" қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі







04.05.2018

Принцип "одного заявления" для предпринимателей


Открыть бизнес в Казахстане через www.egov.kz стало просто, доступно и быстро. Для предпринимателей на портале электронного правительства запущена новая композитная услуга "Регистрация юридического лица с учетом открытия банковского счета и обязательного страхования работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей". Теперь, можно сразу получить три услуги: зарегистрировать юридическое лицо, открыть банковский счет и заключить договор страхования. Это является примером реализации принципа "одного заявления" при оказании государственных услуг.

Ранее предприниматель должен был сначала зарегистрировать юридическое лицо, затем отдельно открывать счет в банке, далее идти в налоговые органы для постановки на учет по НДС, а также самостоятельно обратиться в страховую компанию. Композитная услуга, объединившая три самостоятельные услуги, значительно упрощает процедуры открытия бизнеса в Казахстане. За два рабочих дня (не считая дня подачи заявления) можно получить свидетельство о государственной регистрации юрлица, номер банковского счета и подписанный договор обязательного страхования работников от несчастных случаев.

Электронным способом при регистрации предприятия можно одновременно открыть счет пока в четырех банках второго уровня, а также заключить договор с тремя страховыми компаниями. В ближайшее время список пополнится еще 9 банками и 4 страховыми компаниями.

Стоит помнить, что при регистрации юридического лица, учредителям необходимо быть зарегистрированными на портале и иметь ЭЦП.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz