4.04.2018


Шымкент қаласындағы №7 ХҚО бөлімі жаңа ғимаратқа көшірілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи фронт-офисте жұмыс істей бастады.

Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе, Әл - Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін "Connection Point" өз-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда барлық қызметтерді электрондық нұсқада алуға болады. Атап айтсақ, баланы балабақшаға кезекке қою, жеке кредиттік есепті алу, мемлекеттік қызмет резервіне қабылдау және т.б. мемлекеттік қызметтер.

ХҚО 100 автокөлікке арналған автотұрақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік терезелері, пандустар, шақырту тетіктері, Брайль ақпараттық тақтайшалары, зағип жандарға арналған тактильді жолдар, қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталығының 34 бөлімі жұмыс істейді, соның ішінде мамандандырылған ХҚО мен секторлық орталықтар бар.

2017 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ОҚО фронт-офистері арқылы 5 миллионнан астам қызмет көрсетілді, соның ішінде 3 миллионнан астамы электрондық нұсқада ұсынылған.

Анықтамалық: №7 бөлім: Нұрсәт м.а., Бәйтереков к-сі, 8.

ХҚКО-лардың жұмыс уақыты: ДС-СН, сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.






04.04.2018

Отдел №7 ЦОНа города Шымкент переехал в новое здание


Отдел №7 города Центра обслуживания населения города Шымкент начал работу в новом здании, которое представляет собой современный фронт-офис площадью 450 квадратных метров.

Переезд отдела в новое, более комфортное здание – отличный подарок для шымкентцев, жителей Альфарабийского района. В новом здании просторно и созданы все условия для качественного и оперативноого оказания государственных услуг. Здесь расположено 20 рабочих мест. Для удобства услугополучателей работает сектор самообслуживания "Connection Point", в котором можно получить все электронные услуги, включая постановку ребенка на очередь в детский сад, получение персонального кредитного отчета, зачисление в кадровый резерв госслужбы и т.д.

Кроме того, в здании расположились Центр занятости и социальных програм, а также отделы социальных програм и предпринимательства.

Также, имеется парковка на 100 автомобилей, пандусы, кнопки вызова, информационные стенды с шрифтом Брайля, тактильные дорожки для слепых, введение льготного окна для обслуживания глухонемых и людей с инвалидностью.

Отметим, в настоящее время по Южно-Казахстанской области функционирует 34 ЦОНа, среди них специализированный ЦОН и сектора спецЦОНа. В 2017 году через фронт-офисы государственной корпорации "Правительство для граждан" в ЮКО оказано более 5 миллиона услуг, 3 миллиона из них - в электронном формате.

Справочно:

Отдел №7 : г. Шымкент,ул.Байтерекова,8

Режим работы ЦОНа: ПН-СБ, с 9.00 до 20.00 без перерыва на обед.




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz