31.01.2018


Нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркеуге болады

Енді SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның "Азаматтарға арналған үкімет" ұсынатын проактивті қызметтердің аясын кеңейту туралы отырысында осындай шешім қабылданды.
Енді қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретінде өзі тіркеуде тұрған жердің мекенжайын жазып жіберсе, меншік құқығы туралы мәліметтер тексеріліп, меншік иесі рұқсат берген жағдайда нәрестені көрсетілген тұрғылықты жерге тіркейді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бірігуінің арқасында баланың өмірге келуіне байланысты көрсетілетін композиттік қызметтер проактивті принциппен ұсыныла бастады. Соған сәйкес нәрестені тіркеу өтініштері автоматты түрде жасалып, жаңа босанған аналардың телефонына бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді SMS-хабарлама арқылы алуға ұсыныс жіберіледі. Нәтижесінде, балалы болған ата-аналар "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистеріне бармай-ақ, телефон көмегімен туу туралы куәлік пен тиесілі жәрдемақыларды рәсімдеу, балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы проактивті принциппен көрсетілетін қызметтер қатарына сәбиді тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеу қызметі де енгізілді.
Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

Ақпарат: Бір ай ішінде пилоттық жоба аясында 18 мыңнан астам жас анаға SMS арқылы проактивті тәсілмен қызмет алу ұсынысы жіберіліп, оның 7 мыңнан астамы келісім берген. Қазіргі таңда телефон хабарламасының көмегімен 2 мыңға жуық туу туралы куәлік жасалып, 777 сәби балалабақшаға кезекке қойылды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі









31.01.2018

Новая проактивная услуга - "прописать" новорожденного ребенка по SMS


Запущенный "Правительством для граждан" пилотный проект, в рамках которого услуги по регистрации рождения ребенка, оформлению пособий и поставке на очередь в детский сад можно получить посредством SMS-сообщений станет еще шире.

На сегодняшний день заявления по регистрации ребенка поступают автоматически, благодаря интеграции информационных систем государственных органов. Сразу после рождения младенца родителям приходит SMS-сообщение, где предлагается получить государственную услугу по регистрации рождения. Таким образом, граждане могут получить свидетельство о рождении, указать номер счета для получения пособий по рождению и встать на очередь в детский сад, не посещая фронт-офисы госкорпорации "Правительство для граждан".

На последнем заседании Межведомственной комиссии под председательством заместителя Премьер-министра А. Жумагалиева было принято решение расширить спектр услуг, предоставляемых госкорпорацией в проактивном формате. Так, было предложено направлять SMS о возможности регистрации ребенка по месту жительства сразу после регистрации рождения. Теперь услугополучателю будет достаточно просто отправить подтверждение-согласие, и предоставить в ответ на SMS-запрос адрес регистрации. Данные о праве собственности будут проверены в системе и после получения согласия собственника, новорожденный будет зарегистрирован по указанному адресу.
Для получения этих и других услуг в проактивном формате необходимо зарегистрироваться в базе мобильных граждан. Привязать ИИН к номеру мобильного телефона можно как в личном кабинете на портале Egov, так и посетив Центр обслуживания населения.
Справочно
За месяц с момента запуска пилотного проекта молодым мамам направлено свыше 18 тыс. SMS с поздравлениями и предложением получить услуги посредством мобильной связи. Более 7 тысяч рожениц дали согласие на получение проактивных услуг. На сегодняшний день таким способом выдано почти 2 тыс. свидетельств о рождении и 777 детей поставлено в очередь в детский сад.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz