03.04.2018


Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Баспасөз қызметі






03.04.2018

Двадцать минут требуется казахстанцам для прописки онлайн


В Казахстане изменилась процедура онлайн-регистрации по месту жительства на портале электронного правительства. Теперь, чтобы получить прописку, гражданам потребуется чуть больше 20 минут. Кроме того, благодаря изменениям в налоговом кодексе Республики Казахстан с января этого года больше не нужно оплачивать госпошлину за регистрацию.

Напомним, ранее при прописке на портале электронного правительства нужно было оплатить государственную пошлину в размере 10% от МРП, а потом посетить фронт-офис госкорпорации "Правительство для граждан", где сотрудник миграционной службы проводил запись данных о регистрации на чип удостоверения личности.

С марта этого года процедура регистрации по месту жительства на портале значительно упрощена. Теперь, после авторизации на egov.kz собственника недвижимости и гражданина, желающего прописаться, последний подает заявку, которую собственник подтверждает с помощью своей электронно-цифровой подписи. Обработка поданной заявки занимает около 10 минут, после которых можно заказать адресную справку уже с новыми регистрационными данными. Услуга полностью автоматизирована и доступна онлайн во всех регионах Казахстана, при наличии ЭЦП.

 

Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

"Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz