29.12.2017


Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

"Қазіргі таңда бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Бүгіннен бастап проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс",- деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-дан да алуға болады. "Бала туу" композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қызмет көретуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.

Анықтама ретінде: осы уақытқа Қазақстан бойынша бала туған 192 анаға мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен смс хабарламасы жіберілді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі









29.12.2017

Первые казахстанцы сегодня получили государственные услуги проактивным способом


Сегодня госкорпорация "Правительство для граждан" совместно с АО "Национальные информационные технологии" запустила пилотный проект по оказанию в проактивном формате услуг по рождению ребенка. Теперь заявления на регистрацию рождения новых граждан поступают автоматически, благодаря интеграции информационных систем. Одной из первых, получивших услугу в проактивном формате, стала Роза Айнабекова, жительница Астаны. Ее новорожденная дочь получила красивое имя – Айым.

Сразу после рождения ребенка родителям будет поступать SMS-сообщение с поздравлением, а также предложением получить государственную услугу по регистрации рождения малыша. Все сведения портал электронного правительства будет подтягивать из информационных систем различных госорганов, а недостающие - запрашивать у услугополучателя через SMS-сообщения. Пилотный проект по оказанию проактивных услуг, связанных с рождением ребенка запущен во всех областях Казахстана

"В настоящее время после рождения ребенка родители вынуждены обращаться к оператору центра обслуживания населения для регистрации рождения и получения свидетельства, а также назначения пособий и постановки на очередь в детский сад. С запуском проактивного принципа оказания услуг по рождению казахстанцам больше не придется идти в ЦОН или пользоваться услугами портала электронного правительства. Все необходимые услуги он получит посредством SMS-сообщений. Однако для того, чтобы получать SMS от egov.kz необходимо осуществить привязку номера мобильного телефона к вашему ИИН в личном кабинете", - рассказал Мурат Жуманбай, директор департамента по связям с общественностью госкорпорации "Правительство для граждан".

В проактивном формате будет оказываться композитная услуга "Рождение ребенка". А это значит, что отправить по телефону можно будет и номер счета для оформления пособий по рождению и данные для постановки на очередь в детский сад. Заявителю останется только забрать готовое свидетельство о рождении или заказать его доставку на дом.

Напомним, что переход к проактивному оказанию государственных услуг "Правительство для граждан" осуществляет по поручению премьер-министра Бакытжана Сагинтаева.

Справочно: к настоящему часу 192 женщины получили SMS-сообщения с предложением получить услуги в проактивном формате.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Правительство для граждан"






Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz