Басқы бет
25.10.2016

"Азаматтарға арналған үкіметте" Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерін кешенді тексеру жұмыстары жалғасуда

Қызметтік тексерулер Ақмола, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде болып өтті. Жоспарланған кесте бойынша мұндай тексеру жұмыстары 13 облыстық филиалдарда өтетін болады. Тексеру жұмыстары уақытына ЖКжЖМТТ департаменттерінде мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болатын арнайы сенім телефоны 8 7172 27-23-14 құрылған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы орынбасары Медет Құмарғалиевтың айтуы бойынша, 4 адамнан тұратын екі бақылау тобы құрылған. "Әрбір топта орталық аппараттың екі қызметкері, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының екі қызметкері бар. Жеке азаматтар мен заңды тұлғалар наразылығы, ескертулер мен ұсыныстары бар болса, сонымен бірге жергілікті ЖКжЖМТТ бөлімшесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тексеру тобыныңмүшелеріне тікелейкеліп жолығулары үшін облыстық департаменттерде болатын тексеру кестесі туралы ақпарат өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік корпорацияның ресми goscorp.kz сайтында жарияланатын болады",- дейді ол.

Жұмыс тобының міндеті тек мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетудің дұрыстығын тексеру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) мен жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасын (ЖМТ МДБ) жүргізу, жер-кадастрлық жұмыстар мен жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу жұмыстарын орындау, жер-кадастрлық және түгендеу жұмыстарының сапасы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды талдау болып табылады.

Естеріңізге салсақ, бұрын жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскелерін рәсімдеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама ережелерінің бұзылуы, ақпараттық қауіпсіздік регламенті мен қағидаларының орындалмауы анықталған. Атап айтқанда, Шымкентте қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкері, яғни бейіні сәйкес келмейтін маманның жер учаскелері туралы деректерді өзгертуіне қатысты 14 факті анықталды. Нәтижесінде, МЖК ААЖ дерекетер базасында жер-кадастрлық істердің мұрағаттық даналары жоқ 14 жер учаскесінің мәліметтері табылды. Ал Ақмола мен Алматы облыстарында мәліметтерді бұрмалау мен ақпараттық қауіпсіздікті сактамау фактілері орын алған.

Құмарғалиев атап өткендей, қызметтік тексеру барысында жинақталған барлық материалдар әрі қарай тексеру жүргізіп, кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданатын болады. Азаматтарға арналған үкімет бастамашылық жасаған кешенді тексерудің мақсаты – мемлекеттік корпорация қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының баспасөз-қызметі






В "Правительство для граждан" продолжается комплексная проверка департаментов земельного кадастра и технического обследования недвижимости

Служебные проверки уже прошли в департаментах земельного кадастра и технического обследования недвижимости Акмолинской, Алматинской и Южно-Казахстанской областей. По запланированному графику проверки пройдут еще в 13-ти областных филиалах. Специально на время проведения проверок создан телефон доверия 8 7172 27-23-14, по которому можно сообщить о фактах коррупционных и прочих нарушениях при получении государственных услуг в департаментах ЗКиТОН.

По словам Медета Кумаргалиева, заместителя председателя госкорпорации "Правительство для граждан", созданы две группы контроля, состоящие из 4-х человек. "В каждую группу включено по два работника центрального аппарата и два работника дирекции земельного кадастра и технического обследования недвижимости. Информация о графике проверок в областных департаментах будет размещаться в региональных средствах массовой информации и на официальном сайте госкопорации goscorp.kz для того, чтобы граждане и юридические лица могли обратиться непосредственно к членам группы контроля при наличии у них претензии, замечаний или предложений, а также сообщить о фактах коррупции в деятельности местного подразделения ЗКиТОН", - рассказал он.

Перед рабочими группами стоит задача не только проверить правильность оказания государственных и коммерческих услуг, но и ведение данных автоматизированной информационной системы государственного земельного кадастра (АИС ГЗК) и государственной базы данных регистра недвижимости (ГБД РН), выполнение земельно-кадастровых работ и работ по технической инвентаризации недвижимости, качество земельно-кадастровых и инвентарных дел, а также проанализировать поступившие жалобы, обращения и предложения физических и юридических лиц.

Напомним, что в результате проверок проведенных ранее были выявлены нарушения действующего законодательства по вопросам оформления земельных участков, несоблюдение Регламента и правил информационной безопасности. Так, в Шымкенте установлено 14 фактов изменения данных о земельных участках бывшим работником финансового блока, то есть непрофильным специалистом. В результате чего в базе данных АИС ГЗК появились сведения о 14 земельных участках, у которых отсутствовали архивные экземпляры земельно-кадастровых дел. А в Акмолинской и Алматинской областях имели место факты внесения искаженных данных и несоблюдение информбезопасности.

Как отметил Кумаргалиев, все материалы, собранные в ходе служебной проверки будут переданы в компетентные органы для дальнейшего расследования и принятия мер в отношении виновных. Цель комплексной проверки, инициированной Правительством для граждан – обеспечение прозрачности деятельности всей госкорпорации.

 

Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

"Государственная корпорация

"Правительство для граждан"







Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz

^ Жоғары шығу