23.05.2018


Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым салу мүмкіндігі болатындығын айтты. Қазіргі таңда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс", - деп түсіндірді Оспанов.

Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы аптаның соңына дейін алғашқы кезеңде электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылады. Әрбір портал қолданушылары осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.

Екінші кезең – жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисті іске қосу. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскері қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.

Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі







23.05.2018

В Казахстане будут упрощены услуги по регистрации прав на недвижимое имущество


Функция по регистрации прав на недвижимое имцщество в ближайщее время будет передана от Министерства юстиции РК в государственную корпорацию "Правительство для граждан". Сейчас в госкорпорации проводится обучение работников и другие подготовительные мероприятия по приему функций регистрации прав на недвижимость.

Передача функций в госкорпорацию даст возможность сократить как сроки оказываемых услуг, так и расходы при регистрации, а также получать эти услуги композитно. Все это исключит административные барьеры и снизит коррупционные риски при получении услуг по регистрации.

Например, сегодня при постройке частного дома гражданин сначала через госкорпорацию вносит в информационную систему правового кадастра идентификационные сведения на основании Акта приема в эксплуатацию. После внесения сведений в систему через рабочий день сдает эти же документы еще раз, но уже на регистрацию прав собственности. При передаче функций обе услуги будут оказываться по одному заявлению через ЦОН.

Изменится порядок получения услуг по нотариально не удостоверенным сделкам и регистрации прав по ним. Сейчас услугополучатель сначала идет в территориальное подразделение МЮ РК, где в порядке общей очереди получает услуги по нотариально не удостоверенной сделке, после чего едет во фронт-офис госкорпорации и сдает документы на регистрацию прав. После передачи функций, услугополучателю достаточно будет прийти в ЦОН и получить обе услуги по одному заявлению.

Так же, в случаях выявления ошибок и несоответствий сведений, подлежащих и возможных корректировке в информационной системе, услугополучателю теперь не надо будет ехать в территориальное подразделение МЮ РК, он получит возможность исправить и откорректировать данные в госкорпорации.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz