22.06.2018


Шымкентте "Миграциялық ХҚО" ашылды

Енді оңтүстік мегаполистегі еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай ала алады. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты. 
Ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков және ІІМ Миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов болды.
Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін екінші орталық, алғашқысы осы жылдың басында Астанада ашылған болатын. 
Айта кету керек, соңғы жылдары еліміздің үшінші мегаполисінде шетелдік жұмысшылардың елеулі ағыны байқалуда. МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай ала алады: электрондық кезек, арнайы жабдықталған жұмыс орындары, профильді мамандар және ыңғайлы жұмыс кестесі. Қызмет алушылар 1-2 сағаттың ішінде медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өте алады. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ала алады. Бұрын барлығын тапсыру үшін бірнеше күн кететін.
"Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралаушы еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бес күн бойы емес, бір күннің ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жеңісбеков. 
Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады. Жыл басынан бері көші-қон бағыты бойынша 267 287 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 
Жаңа фронт-офис Шымкент қаласындағы Нұрсат ықшамауданы, Байтереков көшесі, 89 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын, 100 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таңғы сағат 09-дан кешкі сағат 18.30- дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі







22.06.2018

В Шымкенте открылся "Миграционный ЦОН"


Теперь трудовые мигранты в южном мегаполисе будут получать услуги по стандартам центров обслуживания населения. Новый миграционный ЦОН в Шымкенте открыла государственная корпорация "Правительство для граждан" совместно с МВД РК. 

На открытии присутствовали аким Туркестанской области Жансеит Туймебаев, аким города Шымкент Габидулла Абдрахимов, директор филиала госкорпорации "Правительство для граждан" по Туркестанской области Ержан Женисбеков и Председатель Комитета миграционной службы МВД Мурат Кабденов.

Стоит отметить, что в третьем мегаполисе страны за последние годы заметен значительный поток иностранных рабочих. Это второй центр оказания миграционных услуг в республике, первый был открыт в Астане в начале этого года. 

В миграционном ЦОНе иностранные граждане будут получать госуслуги по принципу "одного окна" с применением стандартов ЦОН: электронной очереди, значительного количества рабочих мест и специалистов по приему заявлений, удобному графику работы. Они могут за 1-2 часа пройти медицинский осмотр, дактилоскопию, оформить страховой полис, а также получить ИИН. Раньше на прохождение всех инстанций уходило несколько дней. 

"Раньше иностранцу для того, чтобы получить разрешение на работу и другие необходимые документы, требовалось 5 дней. Для этого нужно было получить ИИН, налоговое разрешение, пройти несколько учреждений, а также справка о страховки. Теперь вместо пяти рабочих дней иностранцам можно будет получить разрешение а также получить все в одном месте. Это очень удобно как для самих мигрантов, так и для работодателей!", - рассказал директор филиала госкорпорации "Правительство для граждан" по Туркестанской области Ержан Женисбеков.

Новый ЦОН позволит минимизировать коррупционные риски при получении миграционных госуслуг и сделать процесс максимально прозрачным.

К слову, с начала этого года по линии миграции было оказано 267 287 госуслуг.
Новый фронт-офис находится по адресу: г.Шымкент, мкр. Нурсат, ул.Байтерекова 89. Современное двухэтажное здание площадью 1500 кв.м. с парковкой на 100 машин будет принимать услугополучателей с 9 утра до 18.30 вечера, без перерыва на обед.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz