20.09.2018


"Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыwww.gov4c.infoресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін"Краудсорсинг" жобасын іске қосты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлі проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистерді жетілдіру бойынша көптеген өтініш-ұсыныстар түсіп жатыр. Енді ықылас танытқан әрбір азаматтың мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгізушілер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистерді жетілдіру бойынша инновациялық идеяларын күтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектердің барлығын осы "Краудсорсингте" қалдыруға болады.

Ұсыныс-тілектерді мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен құрылған комиссия сараптамадан өткізіп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшін https://www.gov4c.info/ сілтемесі арқылы өтіп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайтқолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пікірлер жазып, тіпті бағалай алады.

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Баспасөз қызметі







20.09.2018

"Правительство для граждан" приглашает казахстанцевработать вместе


Государственная корпорация "Правительство для граждан" запустила новый проект - "Краудсорсинг" на сайте www.gov4c.info, который позволяет казахстанцам оставлять свои предложения по совершенствованию бизнес-процессов оказания государственных услуг.

На сегодняшний день в государственную корпорацию через блог председателя правления, социальные сети и через другие каналы обратной связи поступает множество обращений, в которых граждане предлагают свои решения различных проблем и предложения по совершенствованию действующих сервисов.

Теперь каждый неравнодушный гражданин на добровольных началах может помочь решить ту или иную проблему в сфере государственных услуг централизованно.

Разработчики проекта ждут от казахстанцев инновационных идеи по совершенствованию работы фронт-офисовгоскорпорации и электронных сервисов. Внести свои предложения можно по всем направлениям сферы оказания государственных услуг и деятельности госкорпорации в целом. Оставленные на рассмотрение на сайте предложения можно обсуждать, оставлять комментарии и ставить лайки.

Инициативы после отбора будут доработаны и реализованы членами комиссии из числа работников госкорпорации.

Оставить предложение можно очень просто: пройдя по ссылке https://www.gov4c.info/, необходимо заполнить форму.

 

Пресс-службанекоммерческого

акционерного общества

"Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz