20.02.2018

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017

Білім беру саласына бөмірін арнап, педагогикалық қызмет атқарып келген "Сырдария" университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017" атағына ие болып, мемлекеттік грантты жеңіп алды.

Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы 1953 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында туылған. 1969 жылы ҚазақССР-нің 40 жылдығы атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1974 жылы Иваново мемлекеттік университетінің "Орыс тілі, әдебиеті және педагогика" мамандығын үздік дипломмен бітірген. 1974 жылдан 1999 жылға дейін Жетісай гуманитарлық колледжінде оқытушы, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеген.

1999 жылдың қаңтар айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде "Влияние методов обучения на развитие гуманной личности учащихся педагогических колледжей" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғап, 2001 жылы Жоғары аттестациялық комитеттің шешімімен доцент ғылыми атағын алған. 2004 жылы "Античный мир" Халықаралық ғылым академиясының профессоры. 1999-2011 жылдары "Сырдария" университетінде жұмыс істеген. Декан, проректор, "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2010 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де "Формирование готовности будущих учителей к инновационной деятельности в общеобразовательной школе" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, 2012-2016 оқу жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де профессор қызметін атқарған. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Сырдария" университетінде "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі.

1993 жылы "ҚР білім беру ісінің үздігі", 2006 жылы "Античный мир" Халықаралық ғылым академиясының лауреаты атанған Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы 4 монографияның, 2 оқулықтың, 15 оқу құралының, 250 ғылыми мақаланың авторы.

"Сырдария" университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызын оқу орнының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру жолындағы еңбегіңіз еселеніп, ғылыми ізденісіңіз межелі жетістіктерді бағындыра берсін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық пен қажырлы күш-жігер тілейміз!

"Сырдария" университетінің баспасөз қызметі