Басқы бет
2.11.2016

Қазақстандықтар перзентханаларда баланың туылуына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген

Оның 19 мыңнан астамы баланың туылуын тіркеуге, 4 мыңнан астамы бала тууға және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға, 1584 өтініш бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға және 9 мыңнан астам өтініш балабақша кезегіне тұруға берілген.

Естеріңізге сала кетсек, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қыркүйек айының соңында жаңа пилоттық жобаны іске қосып, соның шеңберінде мемлекеттік корпорация қызметкерлері перзентхана ғимаратында бірден 4 қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бүгінгі таңда жобаға Қазақстан Республикасы бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, қазақстандықтар бұл 4 қызметті алу үшін ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (Қазақстан Республикасың аумағында 2008 жылдан кейін некелері тіркелген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), туу туралы медициналық куәлікті (перзентханадан беріледі) ұсынулары қажет. Сондай-ақ, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш беру үшін барлық балаларының туу туралы куәліктерін немесе туу туралы акт жазбасынан үзінді көшірмені ұсыну қажет, ал бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін банктік шотының нөмірі туралы құжаты болуы тиіс. Балалары балабақшадан бірінші кезекте орын алуға құқылы ата-аналар оны растайтын құжатты ұсынулары тиіс.

Дайын туу туралы куәлікті ата-аналар құжаттар қабылдаған күнді есептемегенде 2 жұмыс күнінен кейін халыққа қызмет көрсету орталығынан алуларына болады, ал жәрдемақының тағайындалғаны туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түсетін болады. Айтпақшы, балабақша кезегін қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталынаннемесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі "Connection Point" өзіне өзі қызмет көрсету орталықтарынан білулеріне болады.

Айта кетерлігі, жаңа пилоттық жоба қызметалушылардың уақыттарын үнемдеуге бағытталған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Баспасөз қызметі






За месяц казахстанцы подали более 34 тысяч  заявлений на получение услуг по рождению ребенка в роддомах

            Из них более 19 тысяч заявлений на регистрацию рождения ребенка, более 4 тысячи заявлений  на назначение пособий на рождение ребенка и по уходу за ним, 1584 заявление  на   назначение социальной выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года и более 9 тысяч заявлений на постановку на очередь в детский сад.

Напомним, что с конца сентября госкорпорация "Правительство для граждан" запустила пилотный проект, в рамках которого сотрудники госкорпорации могут принять заявление на оказание сразу 4-х услуг одновременно в зданиях родильных домов. На сегодняшний день в проекте задействовано 206 роддомов и перинатальных центров по РК.

По словам заместителя председателя правления НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" Медета Кумаргалиева, для получения этих 4-х услуг казахстанцам необходимо иметь при себедокумент, удостоверяющий личность родителей, свидетельство о заключении брака и его копию   (лица, зарегистрировавшие брак после 2008 года на территории Республики Казахстан копию свидетельства не представляют), медицинское свидетельство о рождении ребенка (выдается в роддоме). Также для подачи заявлений на получение пособий и социальных выплат необходимо предоставить свидетельство о рождении или выписку из актовой записи о рождении на всех детей, а для назначения социальной выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком по достижении им возраста одного года, необходимо иметь при себе документ о номере банковского счета. Родители, чьи дети имеют право на получение первоочередного места в детский сад, должны предоставить подтверждающий документ.

Получить готовое свидетельство о рождении родители смогут через 2 рабочих дня, не считая дня приема документов, в здании центра обслуживания населения, а информация касательно назначения пособий поступит клиенту посредством sms-оповещения на мобильный телефон. К слову, очередь в детский сад казахстанцы могут просмотреть на портале электронного правительства egov.kz либо в секторах самообслуживания "ConnectionPoint" фронт-офисов госкорпорации.

Отметим, новый пилотный проект направлен на экономию времени услугополучателей.

 

Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

"Государственная корпорация

"Правительство для граждан"







Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz

^ Жоғары шығу