19.09.2018


ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті. Бұл үрдіс "бір терезе" қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асуда.

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді.

Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Баспасөз қызметі







19.09.2018

В ЦОНах упростили порядок выдачи ЭЦП


Государственная корпорация "Правительство для граждан" упростила процесс выдачи электронно-цифровой подписи (ЭЦП) для физических лиц. Данный процесс запускается по принципу "одного окна" в пилотном режиме.

Теперь для получения ЭЦП на съемные носители нет необходимости предварительно подавать заявку через портал Национального удостоверяющего центра РК (pki.gov.kz) и после идти в ЦОН для подтверждения личности. Достаточно по талону электронной очереди обратиться к специалисту ЦОН. Оператор сделает все необходимые запросы и операции. Процесс выдачи составит около 5 минут.

При себе нужно иметь удостоверение личности и usb носитель. Данный бизнес процесс исключает ненужное "хождение" между секторами.

Процесс выдачи ЭЦП для юридических лиц будет упрощен в конце октября.

Стоит отметить, что за 8 месяцев 2018 года через фронт-офисы "Правительства для граждан" выдано почти 4,5 млн ЭЦП.

Пресс-службанекоммерческого

акционерного общества

"Правительство для граждан"

 

 

 




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz