16.02.2018


Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

"Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар", - деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктің "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. "Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды", - деді министр. Сондай-ақ ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттік қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың ішінде "Анықтамасыз қызмет" - "Paper free" сервисі де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғалар электрондық үкімет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда іске қосылған бала туу бойынша проактивті қызмет желісімен де бөлісті. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттік қызметтерді телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Проактивті мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тіпті үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлік пен тиісті жәрдемақыларды рәсімдеуге, сәбиді балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегімен тұрғылықты жерге тіркеу қызметі де іске қосылады.

"Биыл біз жылжымайтын мүлік иесінің мәліметтерінің өзгеруіне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік төленуіне, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу мен атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету барысын да проактивті тәсілге көшіреміз", - деді А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазіргі таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылы мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі








16.02.2018

"Правительство для граждан" взяло курс на проактивное оказание государственных услуг


Сегодня состоялось расширенное заседание коллегии Министерства информации и коммуникаций. Заместитель премьер-министра Аскар Жумагалиев отметил, что на данный момент проведена большая работа по переходу на цифровое государство. Это позволило Казахстану выйти на 33 место среди государств, оказывающих услуги в электронном формате. По словам Жумагалиева, проделанная работа показала, что благодаря интеграции информационных систем можно исключить количество выдаваемых справок до 50%. Также заместитель премьер-министра рассказал, что сейчас совместно с МВД разрабатывается возможность оформления автомобилей онлайн и отметил необходимость перевода государственных услуг в проактивный формат.

Министр информации и коммуникаций Даурен Абаев в своем выступлении подчеркнул, что с учетом озвученных поручений Президента перед госкорпорацией стоит задача по обучению граждан цифровым навыкам работы, в особенности на портале электронного правительства. А также отметил, что в 2018 году ключевым мероприятием будет реализация принципа "Digitalbydefault", предусматривающего планирование и последующее оказание госуслуг исключительно в электронной форме.

Председатель госкорпорации "Правительство для граждан" АблайханОспановотчитался об итогах работы компании за прошедший год и рассказал о задачах на 2018 год. В настоящее время проводится активная работа на площадке Межведомственной комиссии по отбору государственных услуг, подлежащих оказанию через государственную корпорацию, на которой рассматриваются вопросы оптимизации и автоматизации государственных услуг. За прошедший год проанализировано 415 государственных услуг, из которых 206 отобрано для оптимизации. Одни из популярных пилотных проектов, реализованных по итогам МВК: исключение требование справок о зарегистрированных правах для регистрации по месту жительства и сервис по предоставлению сведений третьим лицам через SMS-подтверждение.

Поделился глава госкорпорации и ходом текущего проекта по проактивному оказанию государственных услуг, связанных с рождением ребенка. С момента запуска проекта, 29 декабря прошлого года, было отправлено более 34 тысяч SMS-сообщений женщинам, родившим ребенка, с предложением зарегистрировать рождение посредством мобильного телефона. Более 17 тысяч рожениц уже воспользовались государственными услугами через телефон. Проект реализован в рамках государственной программы "Цифровой Казахстан" по переходу на проактивное государство и дает возможность, не выходя из дома, получить свидетельство о рождении ребенка, поставить его на очередь в детский сад и оформить социальные пособия. Для этого матерям необходимо иметь актуальный абонентский номер, зарегистрированный в базе мобильных граждан. В скором времени, в рамках проекта станет доступна и регистрация ребенка по месту жительства.

"В этом году мы внедрим проактивный принцип для получения госуслуг при изменении данных владельца недвижимости, при выплате госгарантии сохранности пенсионных накоплений, а также при установлении инвалидности и при возбуждении исполнительного производства. Кроме того, будет открыто еще 15 цифровых ЦОНов, по одному в каждом областном центре Казахстана и в г.Алматы", - добавил Оспанов.

К слову, за прошлый год государственной корпорацией "Правительство для граждан" оказано 38 219 972 услуг, из них 24 700 130 услуг в электронном формате.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz