10.09.2016


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін "Азаматтарға арналған үкіметте" бірқатар іс-шаралар өтті

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин қатысты.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту.

"Бүгінде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, "Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет" идеологиясын алға тарту, мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері арасында, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік" төзушілік атмосферасын құру мәселесі тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді", - дейді Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай іс-шаралар "Нұр Отан" партиясының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік корпорацияның барлық аумақтық департаменттерінде жүйелі түрде өткізілетін болады.

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы"

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі









10.09.2016

В "Правительстве для граждан" провели ряд мероприятий для формирования антикоррупционной культуры


"Создание атмосферы нетерпимости к любым проявлениям коррупции и формирование антикоррупционной культуры в НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" - именно под таким названием провели ряд мероприятий для работников госкорпорации центрального аппарата, дирекций и департаментов по г.Астане.

В мероприятии, проведенном под эгидой Департамента управления рисками и противодействия коррупции "Правительства для граждан", приняли участие Анар Жаилганова, депутат Мажилиса Парламента РК, Алия Кайшарова, первый заместитель председателя филиала "Бірлік" партии "Нұр Отан", Тлеген Каскин, руководитель Департамента Агентства по делам государственной службы и противодействия коррупции РК по г.Астана.

По словам Бауыржана Талдыкбаева, директора департамета управления рисками и противодействия коррупции "Правительства для граждан", основная цель таких мероприятий: профилактика и предупреждение проявления фактов коррупции, укрепление среди работников госкорпорации системы ценностей, отражающей нетерпимость к коррупции.

"Сегодня перед каждым из нас стоит задача повысить уровень правовой грамотности населения, продвижение идеологии "Страна без коррупции – процветающая страна" среди всех сотрудников госкорпорации, а также совместно с партией "Нұр Отан", правоохранительными органами и другими общественными объединениями и организациями формировать атмосферу "нулевой" терпимости к коррупции. Борьба с коррупцией - задача всех и каждого. Мы должны помнить, что ответственность за успешное противодействие коррупции лежит не только на государстве, но и на каждом отдельном гражданине. Только единство и взаимное доверие государства и общества позволят успешно противостоять коррупции", - отметил Талдыкбаев.

Как отметил Бауыржан Талдыкбаев, подобные мероприятия будут систематически проводиться во всех территориальных департаментах госкорпорации с участием представителей партии "Нұр Отан", правоохранительных органов, НПО и других организаций.

 

 

Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

"Государственная корпорация

"Правительство для граждан"





Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz