14.03.2018


Түркістанда мамандандырылған ХҚО секторы ашылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында автокөліктерді тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының секторын ашты. Енді азаматтар автокөліктерін қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін ауыстыру барысында өз уақыттарын айтарлықтай үнемдей алады.

Мамандандырылған ХҚО секторы Түркістан қаласы Қызылорда тасжолы, 35-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Мың жарым шаршы метр ауданды құрайтын екі қабатты зәулім ғимараттың қасында жүз көлікке арналған автотұрақ қарастырылған.

"Жаңа ғимарат кең әрі жайлы, азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекеттік - жеке меншік серіктестік бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының игілігіне ашылған екінші мамандандырылған ХҚО секторы",- дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Он алты жұмысшы қызмет көрсететін секторда барлық бизнес-процесс автоматтандырылып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілгендіктен, түркістандықтардың көлікті қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру кезіндегі уақыт шығыны екі сағатқа дейін қысқарды.

Мамандандырылған ХҚО секторы дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша барлық мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Осы мамандандырылған ХҚО арқылы 2017 жылы азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 169 621 қызмет көрсетіліп, 58 637 жүргізуші куәлігі берілді.

 

 

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Баспасөз қызметі






12.03.2018

"Правительство для граждан" открыло в Туркестане сектор СпецЦОН по регистрации автотранспорта


В г.Туркестан Южно-Казахстанской области открыл свои двери новый сектор специализированного центра обслуживания населения по регистрации автотранспорта. Теперь автолюбители смогут за короткое время перерегистрировать свой автомобиль или заменить водительское удостоверение.

Сектор спецЦОН находится в г.Туркестан по Кызылординскому шоссе, 35. Новое двухэтажное здание площадью 1500 кв.м. с парковкой на 100 машин предусмотрено для удобства посетителей и комфортного обслуживания.

"Это уже второй сектор Специализированного ЦОН в Южно-Казахстанской области, открытый для удобства граждан по государственно-частного партнерства", - рассказал председатель правления госкорпорации Абылайхан Оспанов.

Оборудованный на 16 рабочих мест, новый сектор спецЦОН позволит жителям Туркестана сэкономить время при перерегистрации транспортного средства и замене водительского удостоверения. К слову, обе услуги можно будет оформить всего за два часа. Все бизнес-процессы автоматизированы и интегрированы с информационными системами госорганов.

Сектор спецЦОН будет работать с понедельника по субботу с 9.00 утра до 20.00 без перерыва.

Вместе с тем, в г.Шымкент функционирует также СпецЦОН, который оказывает полный спектр государственных услуг по регистрации автотранспорта и выдаче водительских удостоверений. Так, в 2017 году сотрудники СпецЦОНа в г.Шымкент выдали гражданам 58 637 водительскиех удостоверений и оказали 169 621 услуг по перерегистрации авторанспорта.



Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"



Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz