14.02.2018


Қағазбастылықтан құтқаратын "Анықтамасыз қызмет" сервисі іске қосылды

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкіметтің" төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында "Анықтамасыз қызмет" - "Paper free" сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. "Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық",- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер "Paper free" сервисі енгізілсе, оқу орындары электрондық үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске бару міндетінен құтылады.

Бұл сервисті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. "Анықтамасыз қызмет" механизіміне сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын "Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі" бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды. Азамат екі сағаттың ішінде жауап беруі тиіс.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында іске қосылған "Paper free" нәтижесінде қағаз жүзіндегі анықтамалар саны 24 миллионға дейін кеміп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің қатары да азаяды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі








14.02.2018

Казахстанцев освободили от предоставления справок


Сервис "Услуги без справок" запущен на портале электронного правительства по поручению заместителя премьер-министра РК Аскара Жумагалиева. Теперь казахстанцам больше не нужно предоставлять в госорганы адресные справки, справки о зарегистрированных правах на недвижимость и об отсутствии/наличии недвижимостив бумажном формате. Необходимые сведения государственные органы будут запрашивать самостоятельно через портал электронного правительства.

Новый пилотный проект позволяет получать три вида информационных справок по согласию услугополучателя через SMS-сообщение третьим лицам. "За период с 25 января по 5 февраля этого года через ЦОНы было выдано более 312 тысяч электронных справок. Согласно оперативному опросу – 45% из них граждане получили для предоставления в коммунальные службы или образовательные учреждения", - рассказал АблайханОспанов, председатель госкорпорации "Правительство для граждан".

Для пользования сервисом нужно быть зарегистрированным в базе мобильных граждан.Механизм работы прост: заинтересованное лицо авторизуется на портале электронного правительства, где выбирает раздел "Сервис получения справок третьими лицами" и заполняет в поле "ИИН" данные человека, на которого запрашивает сведения. Если гражданин зарегистрирован в базе мобильных граждан, то заинтересованное лицо выбирает вид справки и подписывает запрос своим ЭЦП. После этого порталом гражданинуавтоматически направляется SMS-сообщение с просьбой принять решение: разрешить получение сведений или отказать в их получении. К слову, согласиться или отказаться от предоставления сведений нужно в течении двух часов.

Механизм "Paperfree" позволит сократить бумажный оборот на 24 млнсправок в год, исключит необходимость похода за ними, сократит нагрузку на операционные залы ЦОНов и сделает еще один шаг в реализации программы "Цифровой Казахстан".

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz