13.02.2018


Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейін кәсіпкерлер үшін алкогольдік өнімдерді сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді.

Қазір кәсіпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкімет порталында мәліметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткілікті. Ал өзге де қажетті мәліметтерді мемлекеттік органавтоматты түрде тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткізу мерзімі он бес жұмыс күнінен бір күнге дейін қысқарады. Ал этил спирті мен темекі өнімдерін шығару лицензиясын алу мерзімі он бес күннен он жұмыс күніне дейін шегеріледі.

Еске сала кетейік, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдік өнімдерді сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК, ауылдық елді-мекендерде – 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсімдеу - лицензия берілгендегі төлемнің 10%, көшірмесін жасату - 100% құрайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі








13.02.2018

Предпринимателям станет легче получать лицензию на торговлю алкоголем


На минувшем заседании Межведомственной комиссии по отбору государственных услуг для оказания через государственную корпорацию "Правительство для граждан" принято решение оптимизировать государственные услуги по линии Комитета государственных доходов. До конца этого года предпринимателям станет значительно легче получать лицензии на хранение, а также оптовую и розничную реализацию алкогольной продукции.

Если сегодня для того, чтобы получить лицензию, предпринимателям необходимо предоставить пакет из четырех документов, то в будущем достаточно будет заполнить форму сведений на портале электронного правительства. Все необходимые данные госорган получит автоматически из соответствующих информационных систем. Нужно только оплатить госпошлину и подписать заявление своей ЭЦП. Помимо этого будут значительно сокращены сроки получения лицензии. С 15-ти до одного рабочего дня. Кроме того, с пятнадцати до десяти рабочих дней сократится срок выдачи лицензий на производство этилового спирта и табачных изделий.

Напомним, стоимость лицензии на хранение и розничную реализации в столице и городах республиканского значения составляет 100 МРП, в городах районного значения и поселках – 70 МРП, в сельских населенных пунктах – 30 МРП, стоимость лицензии на хранение и оптовую реализацию составляет – 200 МРП. Переоформление лицензии – 10% от ставки при выдаче лицензии, дубликат лицензии – 100% от ставки.

Пресс-служба некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz