10.09.2016


Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны" атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткізілген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшінші орынға Жамбыл облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің маманы Айжан Баялиева, екінші орынға Алматы облысы бойынша "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің маманы – Дархан Болатов, ал бірінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің маманы - Пернехан Досание болды. Ол мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі туындысымен әділ қазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды.

"Біздің конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл – дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайындау. Өйткені біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету. Барлық үміткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңіске жетті", - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, "Нұр Отан" партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен және т.б. тұрды.

"Бүгінгі күні мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын республикадағы негізгі мекемелердің біріне жатқызамын, себебі сіздер қызметтер көрсету кезінде адамдармен үнемі қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тілі саласындағы маманы ретінде аталған конкурсты – маңызды және өте дұрыс іс-шара деп айта алам. Меніңше, осы іспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, үкіметтік емес ұйымдарда, тіпті мемлекеттік органдар да өткізіп тұрудың пайдасы зор, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініңТіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова.

Бұл орайда, конкурстың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілгендігін атап өту керек.

"Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүргеніме және Оңтүстік Қазақстан облысының атынан осыны тағы бір мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын" дейді конкурстың жеңімпазы Пернехан Досан.

"Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны" атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда ҚР Тілдер күніне орайластырылып өткізілгендігін еске саламыз.









10.09.2016

"Правительство для граждан" подвело итоги республиканского конкурса "Государственный язык – язык оказания услуг"


В конкурсе приняли участие победители областных конкурсов, проведенных среди филиалов областей и городов Астана и Алматы. Третье место занял специалист департамента "Центр обслуживания населения" по Жамбылской области АйжанБаялиева, второе – специалист департамента "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" по Алматинской области – Дархан Болатов, а первое призовое место выиграл – специалист департамента "ЦОН" по Южно-Казахстанской области - Пернехан Досан, он запомнился жюри тем, что сочинил оригинальное патриотическое стихотворение о государственном языке.

"Наш конкурс состоял из 5 этапов, это традиционное приветствие, конкурс пословиц и поговорок, музыкальный номер, проверка на интеллект и, конечно же, оформление документов на госязыке. Ведь наша задача – качественное оказание госуслуг. Все претенденты подошли к конкурсу очень ответственно, но победил сильнейший", - отметил Заместитель Председателя Правления МедетКумаргалиев.

По словам Кумаргалиевасостав жюри конкурса состоял из представителей Министерства информации и коммуникаций РК, комитета развития языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК, партии "НурОтан", неправительственных организаций и т.д.

"На сегодняшний день я отношу госкорпорацию "Правительство для граждан" к одному из основных учреждений в республике, потому что вы при оказании услуг находитесь в постоянном контакте с людьми. Я, как специалист в области казахского языка могу сказать, что данный конкурс – очень важное и правильное мероприятие. И мне кажется, было бы полезно проводить такие мероприятия и в нацкомпаниях, акционерных обществах, неправительственных организациях и даже в госорганах", - отметилаТолкын Исакова, руководитель управления анализа и мониторинга языковой политики Комитета развития языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.

Отметим, победители конкурса получили памятные призы и подарки.

"Я рад, что держу статус казахского языка на самом высоком уровне и, что от Южно – Казахстанской области смог еще раз оправдать его", - говорит победитель конкурса ПернеханДосан.

Напомним, республиканский конкурс "Государственный язык – язык оказания услуг" проводился в рамках празднования 25-летия Независимости Республики Казахстан и Дня языков народов РК, который ежегодно отмечается в Казахстане.




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
телефон: 8(72534) 6-25-22
факс: 6-34-03, 6-14-63, 6-14-63
e-mail: sirdariya@mail.ru
web-site: 7Syr.sirdariya.kz