01.11.2018


Түркістандағы танымал тұлғалар электрондық қызметтерді насихаттады

Бүгін "Азаматтарға арналған үкіметтің"Түркістан облыстық филиалында "Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні" республикалық акциясы өтті. Әйгілі әзілкеш,"Нысана" театрыныңэкс-актері, "Ерекше шоу" теле-жобасының басшысы Дәнекер Оразбай, бокстан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дина Исламбекова мен оның жеке жаттықтырушысы Алмас Қуатбеков "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында электрондық қызметтерді насихаттады.

Танымал тұлғаларды көрген қызмет алушылар алғашында таңырқап, тосырқап қалса да, кейін атақты жерлестеріне құрмет көрсетіп, олардың кеңестерін мұқият тыңдады. Қазақстан спортының мақтанышы, көкірегінде алтын медалі жарқыраған чемпион Дина өз жаттықтырушысымен бірге халыққа сыпайы және сабырлы күйде кеңес беріп, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді. Ал шоумен Дәнекер Оразбай азаматтарға электрондық кезек талонын таратса, "Шаншар" әзіл-сықақ тератрының актеры Ғалымжан Қалыбай халықты "Өзіне-өзі қызмет көрсету секторына" бағыттап отырды.

Әзілдерімен әйгілі болған жігіттер бүгін әдеттен тыс ресми костюмде, салмақты түрде халыққа мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ немесе көшеде келе жатып-ақұялы телефондары арқылы алуға болатынын айтты. Рас, кейде олар қалжыңдап, азаматтарды күлкіге кенелтіп, көңілдерін көтеруді де ұмытпады.

Мұндай акция "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының барлық филиалдарында өтіп жатыр. "Міне, облысымыздың жұлдыздары біздің ұсынысымызды бірден қабылдап, тұрғындарға қызмет көрсетуге қуана келісті. Сол үшін де оларға алғысымды білдіргім келеді. Оларды халық құрметтейді және электрондық қызмет алу туралы кеңестеріне құлақ асады деген үміттемін. Еліміздің болашағы жастар қолында, сондықтан біз акцияға жас таланттарымызды шақырдық",-дейді Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Мәди Аманжол.

Халыққа кеңестік қызмет көрсеткен "жұлдызды мамандар" шамалы шаршаса да, ХҚО-да өткізген жұмыс күндеріне дән риза. "Бұл бөлімдегі жұмыс та бокстағыдай күш-қайратты, темірдей төзімділік пен үнемі дамуды талап етеді екен", - деп ой бөлісті чемпион қыз Дина Исламбекова.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Түркістан облыстық филиалы 2018 жылғы 1 қазанда құрылды. Қазіргі таңда филиал құрамындағы 25 фронт-офис пен 34 бэк-офистерде еңбектеніп жатқан мыңнан астам маман халыққа аптасына алтын күн таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді.







01.11.2018

В Туркестанской области звезды работали в ЦОНе


Сегодня в филиале государственной корпорации "Правительство для граждан" по Туркестанской области прошла республиканская акция "Один день звезды в ЦОНе".

Посетители ЦОН Сайрамского района были немного растеряны и шокированы, ведь их обслуживали известный КВНщик, бывший актер театра "Нысана", а ныне руководитель телепроекта "Ерекше шоу" Оразбай Дəнекер, чемпион мира по боксу среди молодежи, мастер спорта международного класса Исламбекова Дина и ее тренер Куватбеков Алмас. Гордость Казахстанского спорта, на груди которой сияла золотая медаль, оглядываясь по привычке на своего тренера, терпеливо и очень вежливо объясняла гражданам о возможностях портала электронного правительства, а шоумен помогал и раздавал клиентам талоны электронной очереди.

Совсем рядом за компьютером сидел и приглашал граждан в сектор самообслуживания известный актер театра сатиры и юмора "Шаншар" Қалыбай Ғалымжан. В строгом костюме с серьезным, не привычным для юмориста лицом, он показывал изумленным и улыбающимся гражданам как можно получать государственные услуги, не выходя из дома или через мобильный телефон. Правда, иногда шутки так и выскальзывали из его уст, что приводило в восторг окружающих и вызывало дружный громкий смех.

"Акция "Один день звезды в ЦОНе" проходит во всех филиалах государственной корпорации "Правительство для граждан". Многие звезды посетили ЦОНы в разных регионах страны и оказали услуги гражданам. Вот и звезды нашей области сразу же откликнулись на наше приглашение, и мы очень благодарны им за это", - сказал заместитель директора филиала Аманжол Мəди. "Мы пригласили молодых звезд символично - будущее Казахстана в руках молодого поколения страны! Наша страна идет уверенными шагами по пути цифровизации Казахстана, переходя к электронному формату предоставления услуг", - продолжил заместитель директора.

Филиал государственной корпорации "Правительство для граждан" по Туркестанской области создан 1 октября 2018 года. Ранее, наряду с филиалом по городу Шымкент, он входил в состав филиала по Южно-Казахстанской области. На сегодняшний день в области функционирует 25 фронт- и 34 бэк-офисов, численность персонала составляет более 1 200 работников. Всего за ушедший месяц было оказано гражданам 224786 услуг.




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz